Маңғыстау облысында 38 жастағы ер азамат әуелі үш баласын, содан кейін өзін асып өлтірген. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған деп хабарлады Turkystan.kz.
Балалардың кішісі әлі бір жасқа да толмаған. Полицейлер оқиғаға отбасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін деген.
Көршілерінің айтуынша, бұл қарапайым отбасы болған. Ерлі-зайыптылар наубайханада жұмыс істеген.
«Балалары, күйеуі, әйелі – көрші ретінде тәп-тәуір адамдар еді. Қайсысы жұмыс істегенін білмеймін, олар көлікпен жүрді. Әрине, бұл мені есеңгіретті», – дейді көршісі Елизавета Музыка.
Полицияға да көршілері хабарласқан. Ол терезеден қозғалыссыз тұрған бейнесін байқаған. Полиция қызметкерлері келген соң әйнекті сындырған. Олар пәтерге кірген соң сегіз және бес жасар, сегіз айлық сәбидің мәйітін тапқан. Олардың қасында әкесі де асылып тұрған.
Еске салайық, 11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып өлген 4 мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. Кейін олардың 38 жастағы ер адам, сонымен бірге 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық бала екені анықталды.