$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда жеңіл көлік көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Алматыда түнде Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесіндегі жолайрықта Toyota Camry көлігі көпірден құлап кетті. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:50-де Алатау ауданында болған.

«2002 жылы туған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта, Күдерин көшесінің қиылысында, рөлді басқара алмай, жол өтпесінің батыс жағынан металл қоршау - кедергіге соғылып, одан әрі көпірден аударылып кеткен», - деп хабарлады Алматы полициясынан.

Оқиға салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

«Сонымен қатар, оның екі жолаушысы 1999 жылы туған азамат Г. мен 2003 жылы туған азамат К. медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жеткізілді. Бұл деректі Алатау ауданының полиция қызметкерлері өндіріске алды», - деп атап өтті ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары