$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда өрттен алты жасар бала көз жұмды

5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған.
Фото:pavlodarnews.kz
Фото:pavlodarnews.kz

Павлодарда бес бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсан күні сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.

«5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды», – деді департаментте.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен өтті.

Өрт сағат 03:01-де толығымен жойылды. Себебі, залалы анықталуда. Өртті жоюға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары