$ 486.44  534.31  5.06

Ақтауда жарылыс болды: Адам шығыны бар

Күйік алған тағы үш адам облыстық ауруханасына жатқызылған.
Фото: ТЖМ ресми сайты
Фото: ТЖМ ресми сайты

12 қаңтарда Маңғыстау облысының ТЖД 101 пультіне сағат 18.20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциялардың  бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты. 

Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллон жарылды.
Өртті сөндіру барысында өз өмірін қауіпке тігіп, өрт сөндірушілер 17 газ баллонын шығарып үлгерді.
Өрт сағат 18.48-де жойылды.Өрттің ауданы 50 шаршы метр.
Оқиға барысында техникалық қызмет көрсету станциясының бір қызметкері (әйел) қайтыс болды, күйік алған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. 
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге 25 өрт сөндіруші-құтқарушы, 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қызмет көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары