$ 494.87  520.65  4.91

«Хайуандықпен алып кетті»: Ақтауда кәмелетке толмаған қызды сыныптасы алып қашқан (ВИДЕО)

Біздің заң қайда сонда, жасөспірімнің құқығы қайда?

Ақтауда оқушы қызды сыныптасының алып қашқан сәтінің видеосы тарады. Анасының сөзінше, қызы кәмелеттік жасқа толмаған. Дегенмен қыздың өзі сыныптасына қарсы арыз жазудан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Кадрлардан ер адамдардың қызды күтіп тұрғанын көруге болады. Кейін көлікке отырғызып, кетіп қалған.

"6 қаңтарда қызымды еркінен тыс, хайуандықпен алып кетіп отыр. 18-ге толмаған балапаным менің. Полицияға барып іс қозғадық. Бірақ прокуратура 3 күннен соң істі жауып тастап отыр. Біздің заң қайда сонда, жасөспірімнің құқығы қайда?", – дейді анасы.

Бұл дерекке қатысты пікір білдірген полиция департаменті қыздың анасының арызы бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді. Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатқан. 

"Кәмелетке толмаған қыздың жауабына сәйкес ұрлауды оның сыныптасы ұйымдастырған, олар бұған дейін қыз бен жігіт қарым-қатынасында болған. Жігіт қызға үйлену үшін ұрлау ниеті бар екенін бірнеше рет айтқан. Сондай-ақ қыз өз жауабында сыныптасы және оның достары тарапынан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы көрсетілмегендігін атап айтты", – делінген хабарламада. 

Алып қашқан соң құдаласуға қатысты келіссөзге қыздың туыстары барған. Кейін қыз анасымен бірге қайтарылыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары