$ 446.49  475.38  4.79

«Ерсі көрінеді»: Бет-аузын тұмшалаған Мәдина Сәдуақасованы оқырмандар сынап тастады

Артық салмақ қосып алдым.
Фото: instagram/sadvakasovamadina
Фото: instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова желіге ерекше суреттер жариялады. Ол арықтағысы келетінін айтып, жаттығу барысындағы фотоларын желіге салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші қаладағы "Медеу" шатқалы маңында итімен бірге жүгіріп, толықсып кеткенін мойындаған.

"Рас , мойындаймын , артық салмақ қосып алдым. Соңғы кездері бізде той өте көп болып кетті, білесіздер. Енді салмақ қуу басталды менде. Айтпақшы, Тик Ток әлеміне кірсем қалай? Қызық па ол жақ ? Жазыңыздар, жүгіріп жүріп коммент-кеңестеріңізді оқимын", - деп жазды әнші.

Алайда әншінің бұл сұрағына көпшілік сынмен жауап берді. Желі қолданушыларына әншінің салмағынан гөрі, қап-қара киініп, бет-аузын тұмшалап алғаны ұнамаған.

"Артық салмақ қосып алдым деп, қап- қара ниндзя болып алыпсыз ғой.Бұрыннан әжептәуірсіз ғой негізі, салмақ жағынан", "Қап-қара болып елді шошытып отырсың, басқа киім таппай қалдың ба? Әлемде онсыз да жаманшылық көп, көктемде ашық киініп жарқырап жүру керек", "Неге осылай түскенсіз?", - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары