$ 481.84  531.33  5.07

Қырыққа таяған Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші сүйіктісін көрсетті

Актриса қазіргі уақытта Балиде тұрып жатыр.
Фото: asselsadvakassova инстаграм парақшасынан
Фото: asselsadvakassova инстаграм парақшасынан

Қазақстаннан көшіп, психологияға бет бұрған отандық актриса Әсел Сәдуақасованың көпшіліктен жасырып жүрген сүйіктісінің кім екені белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актриса қазіргі уақытта Балиде тұрып жатыр. Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен әлеуметтік желіге бірдей сурет жүктеп, желі қолданушыларына ұсталып қалды.

Актрисаның көпшіліктен жасырып жүрген сүйіктісі өзінен 7 жасқа кіші Мағжан Тілеухан есімді жігіт. Мағжан маркетолог әрі блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.

Актрисаның айтуынша, ол қазір уақытының көп бөлігін рухани даму мен релаксацияға арнап, трансформациялық кезеңнен өтіп жатыр. Сондай-ақ Әсел әрқашан мұхиттың жанында тұруды армандағанын айтады. Сол себепті оның тұрғылықты жер ретінде таңдауы Бали аралына түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары