$ 443.35  475.54  4.82

«Қалыңмалым 20 миллион» - әнші Дана Кентай

2-ақ миллион ба? 20 миллион деді мында.
Фото: ©instagram.com/danakentai
Фото: ©instagram.com/danakentai

Қызыл дипломы мен оқу орнының санын жіпке тізгендей айтқан танымал әнші Дана Кентай қалыңмалын 20 миллионға бағалады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қалыңмалымды қанша миллион дейін? Консерватория бітірдім, магистратура оқыдым, қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяндарым мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?” – деген әнші тыңдарман арасынан 2 миллион деген жауап естіді. Әншінің сөзінен 2 миллионды азсынғанын байқауға болады. 

“2-ақ миллион ба? 20 миллион деді мында. Қалыңмалым 20 миллион, триллион”, – деп әзілдеді әнші. Әңгімені қалжыңға айналдырған өнер иесі қалыңмалды керек етпейтінін айтты.

“Жақсы, қазақтың иманды жігіті болса болды, тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес”, – дейді Дана Кентай. 

Өнер жұлдызының қарапайымдылығы көпшілікті сүйсінті.

“Жарайсың, Дана”, “Биылдан қалмай ұзатылуыңды, өзің сияқты қарапайым жігіт кезігуін тілеймін”, “Дана десем данасың ғой”, “Қарапайым жансыз”, “Бағың ашылсын”, – деп ақжарма тілектерін арнады желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қалың мал