$ 490.84  536.88  5.04

Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан таяқ жеген кезін еске алды

Менен де қатты бұзықтар бар екен қалада деп ой түйдім.
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Ақбота Керімбековамен төбелескен кезін еске алды. Бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Менің Жақсыгүл жеңгем мен Ақботаның анасы Бибіажар апай екеуі жақсы дос. Кейін менің анам мен Бибіажар апай танысып, сыйласып кетті. Әлі есімде, Көктөбе жақты Ақботалардың жер үйі болған. Сол жаққа ана мен жеңгеме ілесіп барғаным бар. Ойнап жүргенде бір таяқ жегенім бар. Оның есінде бар ма, білмеймін. Бірақ сол бір сәт менің көз алдымда мәңгілікке қалды. Өйткені мен ауылдан келдім. Мен де бұзықтың бірімін. Сөйтсем, менен де қатты бұзықтар бар екен қалада деп ой түйдім", - деді Айгүл Иманбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары