$ 490.84  536.88  5.04

Димаш Құдайберген болашақ жары туралы сұраққа жауап берді

Әрине, егер ол жұрт алдында жүрген болса, әңгіме басқа.
Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан
Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында танымалдық және болашақ жары туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Жақында әнші өмірінде алғаш рет Арменияға барды. Ереванда жеке концерт беруге ниетті. Осыған орай, атақты қазақстандық әншіден Sputnik Армения тілшісі эксклюзив сұхбат алды.

Әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға да жауап беріп, қазір жүрегі бос екенін айтты. Оның айтуынша, кезіктірген жағдайда да оны көпшілікке көрсетуі екіталай.

"Жеке өмір жеке болғанын қалаймын. Себебі мен болашақта әйелімді көрсеткім келмейді. Әрине, егер ол жұрт алдында жүрген болса, әңгіме басқа. Мен, менің шығармашылығым, концерттерім туралы айтылғаны маңызды", - деп жауап берді журналистерге әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары