$ 494.87  520.65  4.91

Баласынан айырылған блогер Әсел Асқар жетім балаларға жеті жыл бойы қарайласып келгенін айтты

Ұлымның менімен мақтанғанын қалаймын.
Фото: ©instagram.com/assel.askar
Фото: ©instagram.com/assel.askar

Былтыр қазан айында ұлынан айырылып қалған блогер Әсел Асқар баласының қазасынан кейін жетімдер үйіндегі балалардан жұбаныш табатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кездері блогердің балалар үйіне жиі барып тұратынын оқырмандары байқаған блогер, актриса Әсел Асқар осыған қатысты жауап берді.

“Мен 7 жылдан бері бір балалар үйін қамқорлығыма алдым. Ондағы балаларды қуантып, оларға уақыт бөлуге тырысамын. Мен әрқашан біреуге көмек беруге құштар едім, ұлым өмірден өткен соң балалар үйіндегі жетім балаларға деген мейірімім одан сайын күшейе түсті. Оларды құшақтағанда өз баламның жанымда екенін сезінемін. Ұлымның менімен мақтанғанын қалаймын. Сол себепті менің жасап жатқан қайырымдылық істерім өмірден өткен ұлымның рухына арналады. Осы бір ой мені жұбатады”, – дейді блогер.

“Бала асырап алу ойыңызда жоқ па?” деген сауалға Әсел Асқар: “Қатігездеу естілуі мүмкін, бірақ жоқ. Себебі бұл өмірден өткен ұлымның орнын басқандай болар едім. Ұлыды басқа біреумен алмастырғым келмейді және ол мүмкін емес. Жетімдер үйіндегі әр бала отбасының сүйіктісі болуға, махаббатқа лайық”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ ол өзі секілді баласынан айырылған аналарға кеңес берді.

“Бізде баласынан айырылған аналар қайғысы мен ауыртпашылығын жасырып, ол туралы айтпайды. Көпшілік менің жүктілігімді, токсикозбен қиналғанымды, екінші сәбиімді дүниеге әкелгенімді көрді. Осыдан соң оның өмірден өткенін жасырып қалып, айтпау дұрыс емес сияқты. Ұлым жансаөқтау бөліміне түскен кезде мен әлеуметтік желіге жазба жариялауды қойдым. Оқырмандарым балам туралы сұрап, түрлі сауалдар қоя бастады. Мен өзім сияқты сәбиінен айырылған әйелдердің көп екенін және олардың үнсіз қайғыратынын түсіндім. Сөйтіп өзіме: “Біз неге сөйтеміз?” деген сұрақ қойдым. Бұл туралы айту керек. Ол да өмір үшін күрескен адам ғой. Ол өлімді таңдаған жоқ, тағдыры солай болды. Ал сенің осы жағдайға көндігуіңе тура келеді”, – дейді Әсел Асқар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары