Отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова өз өкінішін бөлісті. Асхат Садырбайдың бағдарламасына сұхбат берген әзілкештің әйелі жан сырын ақтарып, мамандықтан қателескенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Музыкаға деген қызығушылығымыз, домбыраға деген махаббатымыз нағашы атамыздан келген шығар. Бауырларым ән айтады. Үйдегі музыкадан алысы мен. Үлкен ағам музыка саласында, мамандығы музыкант. Менің музыкаға, өнерге баруыма қарсы болған сол кісі.
"Жоқ" деп бір ауыз сөз айтты, мен ештеңе дей алмадым. Әкемнің жолын қуып экономист болдым. Өкінемін. Мен мамандық таңдаудан қателескен адаммын. Сол үшін де шығар өнер мектебін ашып, жұмыс істеп жатқаным. Қазір бір жобаның продюсерімін", - деді Мөлдір Мұқанова.