Нұртас Айдарбеков жақында ажырасып кеткен ұлы Заңғар Нұртасқа үйленуге кеңес берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңғар Нұртас бұған дейін ажырасып кеткеніне бірнеше уақыт өткенін мәлімдеген еді. Ал видеода әкесі оған келін керек екенін айтады.
"Бәрі жақсы, тек шай беретін келін болмай тұр. Айта бермегенде не қыламын? Айта бересіз дейді, басқа не айтамын. Басқа проблема жоқ. Келін болса, мына қасықтарға ие болады", - дейді Нұртас Айдарбеков видеода.
Желі қолданушылары да видеоға түрлі пікір жазған:
Келін әкелсін, той көрейік;
Әке болса сіздей әке болсын.
Ақ көңіл аңқылдаған әкең бар. Қандай қарапайым, барын шынайы айтып отыр. Әкең 100 жасасын!
Заңғар балам отбасыңа сәйкес қыз жолықсын.