$ 444.32  473.33  4.76

«Қолымнан түк келмейтін шарасыз құлмын…». Төреғалидың әйелі қызының ауыр сырқаты туралы жазба жариялады (ФОТО)

Ерекше баласы бар ата-аналар, сіздерді нағыз батыр десе болады.
©instagram.com/tolkynturarbekkyzy
©instagram.com/tolkynturarbekkyzy

Танымал әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларға мереке ұйымдастырды. Мейрам кезінде Төреғали мен Толқынның үлкен қызы Кәусәр да бой көрсетті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Психологияға бет бұрған Төреғалидің жұбайы тұңғышының сырқаты туралы жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

“Баршаңызға игілік. Балаларды қорғау күні құтты болсын. Бүгін сондай ерекші күн. Кәусартайым, бүгін мен тағы да бақыттымын. Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сен менен “Анашым, неге мен 6,5 айлық болып туылдым?” деп сұрайсың ғой. Сол сәтте мен қатты қиналатынмын. Сен қиналған кезде саған көмектесе алмайтынымды, қолымнан ештеңе келмейтін шарасыз құл екенімді түсінсем де, біраз уақыт мойындай алмай келдім. Сен қазір жүрмейсің. Ал қашан жүретінің маңызды емес. Сол жолдағы әрбір күніміз маңызды. Сенің риясыз күлкің мен нұрлы жүзің бағалы. Қашан жүріп кететініңді Алла біледі. Анашың сенің қасыңда әрбір тәтті қылығыңа тоймай, әрбір жетістігіңе қуанып, әр күніңе шүкір етумен Алладан жүріп кетуіңді тоқтамай тілейтін болады”, – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы. 

Оның жантебірентерлік жазбасы желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады.

“Ерекше баласы бар ата-аналар, сіздерді нағыз батыр десе болады”, “Алла шипа берсін”, “Аяғын нық басып, шауып кетсін”, “Өмірге деген құлшынысы күлкісінен көрініп тұрып”, “Еріксіз көзіме жас келді”, “Кәусар мықты қыз”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары