$ 494.87  520.65  4.91

«Шынайы оқиғаға негізделген»: ортаншы келініне жақтасқан Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі көпшілікті сүйсінтті (видео)

Видеодан Гүлзира Айдарбекованың ортаншы ұлы мен келінінің сөзге келіспей, дауласып қалғанын көруге болады.
Фото: instagram.com/sarkenova.aigerim
Фото: instagram.com/sarkenova.aigerim

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдабекованың ортаншы келіні атасы мен енесінің өзіне үнемі қолдау білдіретінін көпшілікке көрсетті. Продюсердің келіні Әйгерімнің әлеуметтік желіге жариялаған видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ата-енең әрқашан сені жақтаған кезде. Шынайы оқиғаға негізделген", - деп жазды Әйгерім Instagram парақшасында.

Видеодан Гүлзира Айдарбекованың ортаншы ұлы мен келінінің сөзге келіспей, дауласып қалғанын көруге болады. Осы сәтті байқап қойған Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков ұлына ақыл айтып, келініне қолдау білдіреді. Ал желі қолданушылары қазіргі таңда келінін жақтайтын енелердің аз екенін айтып, жарыса пікір қалдырған.

"Қандай керемет отбасы", "Қазір келінін жақтайтын ене аз", "Отбасының бәрі осындай болуы керек", "Ұлын жақтайтындар да бар", "Бізде керісінше, бәрі маған жабылады", "Үлгілі отбасы", "Барлық ата-ене осындай болса, ажырасу азаяр еді", "Енем де тек мені жақтайды", - деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас әйелімен ажырасу себебін ашып айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары