Осыдан ширек ғасыр бұрын "Асыл әжем" әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан әнші Рахат Тұрлыханов қазіргі таңда қайда жүр? Тыңдарман назарынан тыс қалған Рахат Тұрлыханов желіде отбасылық суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші әйелімен және баласымен түскен суретін Instagram желісіне жариялады. Ал желі қолданушылары Рахат Тұрлыхановтың әндерін тыңдаған жылдарды еске алып, желіде естелігін бөлісті.
"Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе?", "Өзімнің оқушы кезім еске түсті", "Бақытты болыңыз", "Менің экрандағы алғашқы махаббатым", "Әндеріңіз керемет", "Кезінде әндерін тыңдайтын едік", "Сүйікті әншім", - деді желідегілер.
Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов тоқсаныншы жылдары көпшілікке "Асыл әжем" әнімен кеңінен танылды. Сонымен қатар әншінің "Зимние ливни", "Азем" атты танымал әндері бар.