$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір қазақ әншісі хиджабын шешіп тастады

Жас әнші бір кездері хиджаб кигеніне және оны қайта шешкеніне еш өкінбейді.
Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Жастар арасында Dequine лақап атымен танымал әнші Данэля Садықова не себепті хиджабтан бас тартқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соңғы кездері хиджаб мәселесі көп талқыға түсті. Жаппай хиджаб киген шоу-бизнес өкілдері де халық назарынан тыс қалмады. Бүгінде 23 жастағы отандық әнші Данэля Садықова да жарты жылға жуық хиджаб киіп, алайда кейін бұл ойынан бас тартқан.

“Қанша уақыт орамалмен жүрдіңіз? Неге қазір шешіп тастадыңыз?” деген оқырман сауалына әнші:

“Жарты жылдай хиджаб кидім. Ол кез – маған көп нәрсені үйреткен ең керемет шақтарым. Неге шешіп тастадым? Себебі менің айналысқым келетін сүйікті ісім, зерттеп, сезінгім келетін өмірім ислам қауымдастығының және діншіл адамның ережелеріне сай келмейді”, – дейді Dequine.

Жас әнші бір кездері хиджаб кигеніне және оны қайта шешкеніне еш өкінбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары