$ 494.87  520.65  4.91

Алтынай Жорабаева күйеуінің жұрттан жасырған құпиясын ашты

Ел мен сенің әнші болғаныңа немесе ақшаңа қызықты деп ойлап қалады.
Фото: altynaizhorabayeva
Фото: altynaizhorabayeva

Танымал әнші Алтынай Жорабаева “Ұйқым келмейді” бағдарламасында еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2017 жылы Алтынай Жорабаева інісі Талғат Жорабаевқа су жаңа темір тұлпар мінгізген болатын. Өнер иесі сұхбат барысында інісіне көлікті өзі емес жездесі Әлішердің сыйлағанын айтып, құпиясымен бөлісті.

“Еш жерде айтылмаған бір құпияны ашайын ба? Негізі  ол көлікті мен емес, жолдасым алып берген. Ол кезде біз үйленбегенбіз. Мен тіпті басқа қалада жүрдім. Сонда маған Әлішер бума-бума доллар, Талғатты телефонға үңіліп қарап отырған суретін жіберді. “Талғатқа көлік алып бергім келіп тұр” деді. Мен не үшін екенін түсінбеймін. Талғаттың келіншегі арғын, Әлішер де арғын. Сөйтсем: “Менің болашақ жиенім жаурап қалмасын. Көлігінің жылытқышы бірде істейді, бірде істемейді. Жайлы көлікте жүрсін” деді маған. Содан маған кейін барып айтты. “Ел мен сенің әнші болғаныңа немесе ақшаңа қызықты деп ойлап қалады. Мейлі, сыртта әңгіме бәрібір айтылады. Тек сенің әке-шешең, бауырларың, туған-туыстарың мен туралы сондай ойда болмаса екен. Менің жағдайым өзіме де, Талғатқа көлік сыйлауға да жетеді” деді. Сол кезде өзінің бауырларына да бір-бір көлік алып беріп жүрген. Бәріміз бұл сыйлыққа таңғалдық. Талғат та жаңалығымен бөліскісі келіп: “Мен көлік туралы айтқым келіп тұр, бірақ айтсақ өсек болып кетеді. Сен сыйлады деп айтайықшы” деді. Міне, құпия ашылды”, – дейді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары