$ 441.58  480  4.86

Әсел Сәдуақасованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды

Бейбіт Әлібеков әйеліне қымбат темір тұлпар алып беруге уәде берген Мағжанға сәттілік тіледі.
Фото: asselsadvakassova
Фото: asselsadvakassova

Танымал актриса, продюсер Әсел Сәдуақасованың күйеуі Мағжан Тілеуханов үйленуге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Отандық блогер Бейбіт Әлібековтің: “Үйленген қалай екен?” деген сауалына Мағжан: “Керемет. Бүгін бірінші күн, сондықтан әзірге түсініксіз сезім, дегенмен ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ ол келіншегінің мәһрге не сұрағанын айтты.

“2023 жылғы су жаңа Gelentwagen көлігін сұрады”, – дейді кәсіпкер. Бейбіт Әлібеков әйеліне қымбат темір тұлпар алып беруге уәде берген Мағжанға сәттілік тіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары