Есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген пікірде, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.
Тілеужан Кішкенбаевтың айтуынша, олар әншіні ұстау кезінде қатал әрекете етіп, әншінің құқығын бұзды.
"Ол аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты 20 полицей келді", - деп ашуланды Тілеужан Кішкенебаев.
Желіде әншінің ұсталғаннан кейін медициналық сараптама жасау кезінде адвокат пен полиция арасындағы жанжалдың видеосы тарады.
Видеода полиция қызметкері адвокатқа әншінің есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, өзіне ғана емес айналасындағыларға да қауіп төндірігенін айтты.
"Біз заң аясында жұмыс істедік", - деді полиция қызметкері.
Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал әнші Алматы көшесінде көлікпен келе жатқанда ұсталған. Төреғали Төреәлі полицияға қарсылық танытып, оны көліктен шығару үшін күш қолдануға тура келді.
Артынша медициналық сараптама оның есіртікі мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Сот оны 20 тәулікке қамау және 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.