Танымал актриса, продюсер Әсел Сәдуақасованың күйеуі Мағжан Тілеуханов үйленуге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандық блогер Бейбіт Әлібековтің: “Үйленген қалай екен?” деген сауалына Мағжан: “Керемет. Бүгін бірінші күн, сондықтан әзірге түсініксіз сезім, дегенмен ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін”, – деп жауап берді.
Сондай-ақ ол келіншегінің мәһрге не сұрағанын айтты.
“2023 жылғы су жаңа Gelentwagen көлігін сұрады”, – дейді кәсіпкер. Бейбіт Әлібеков әйеліне қымбат темір тұлпар алып беруге уәде берген Мағжанға сәттілік тіледі.