Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі ағасының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фаризаның сөзінше, анасына да тіл тигізіп жатқандар бар. Ол оқырмандарын артық сөз айтпауға шақырған.
"Алда кімді не күтіп тұрғаны, ертең не болары, кімнің қандай жағдайға тап болары белгісіз ғой. Ешкім гарантия бермейді. Сондықтан артық сөздің керегі жоқ. Анама дейін тіл тигізіп, артық кетіп жатыр. Қазір маған ең маңыздысы, шыны керек, ол - жақындарымның амандығы", - дейді ол.
Сонымен қатар, Фариза бұған дейін де айтылған әңгімелерге еттері үйренген жеткізген.
"Әрине, біз мықтымыз, мықты болғасын да осындай деңгейге жеттік Алла қалауымен. Аллаһ көтере алатын адамға ғана сынақ береді. Осы уақытқа дейін түрлі сөзді көтеріп келеміз, үйреніп қалдық қой. Уайымдап жатқан оқырмандарым, сіздерді жақсы көремін", - деп жазды ол.