$ 441.66  475.14  4.86

«Кейбірінің әйелі де жоқ»: продюсер Гүлнұр Мамасарипова әйелдерге курс сататын ерлерге шүйлікті

Негізі әйелге жағу сендер ойлағандай оп-оңай емес.
Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы
Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова әйелдерге арналған курс сататын ер адамдарды сынға алды. Бұл туралы жазбасын продюсер Instagram желісінде жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Гүлнұр Мамасарипова алдымен желіде сұхбат берушілердің көбейгенін тілге тиек етті.

"Әлеуметтік желіні қарап отырып, бір құбылысты байқадым. Елдің бәрі сұхбат беріп отыр ғой. Бірақ олардың кіммен сөйлесіп отырғанын түсіне алмадым.

Сосын ер адамның бәрі "Әйеліңді қамтамасыз ет" деп, бір керемет әңгіме айтатын болыпты. Кейбірінің әйелі де жоқ, бірақ әңгімесі ірі. Негізі әйелге жағу сендер ойлағандай оп-оңай емес. Сендер түгілі өзімізге не керек екенін өзіміз білмейміз", - деді Мамасарипова.

Сонымен қатар продюсер әйелдерге арналған курс сататын ер адамның көбейгенін де сынға алды. "Әйелдерді әйел коучтар үйрететін еді. Қазір еркек коучтар әйел тақырыбын қозғайтын болыпты. Енді олардың "еркем", "бикем", "аруым", "көркемім" деп еміренгені бөлек. "Әлемнің бар асылына лайықсың" деп отырады. Кәдімгідей сеніп қаласың. Неге олай айтып отыр десем, курс сатады екен ғой.

Қысқасы, біз мықты болып тұрмыз, қыздар. Біраз ер адамды байытып жатырмыз. "Әйел құлағымен сүйеді" деген рас болып тұр ғой. Олай тым ере бермейікші. Бізге Құдай ми мен сана берді. Оны әлеуметтік желідегі сұхбатты көрсін деп бермеді", - деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары