$ 494.87  520.65  4.91

Абай Бегей итіне 300 мыңға үйшік салып берді

Отандық әнші Абай Бегей ит жануарын қатты жақсы көретінін айтты.
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әнші Абай Бегей ит жануарын қатты жақсы көретінін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші тіпті 300 мыңға итіне үйшік салдырғанын да жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"300 мың теңге болғанда, қазір құрылыс заттары қымбат. Сол 250 мың теңгесі сол құрылыс заттарына кеткен шығар. Баламның иті, төбет. Әлі үшік. Иттің атын балам қойды. Ауылда өстік. Сегізінші сынып оқып жүргенде Қарақұлақ деген итім бар еді. Соған мал дәрігері келіп у беріп кетіп, өліп қалды. Бір апта жылағанмын. Негізі итті жақсы көремін. Содан бері ит асырамай кетіп едім", - деді Абай Бегей.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей осыған дейін көше кезген сазгер Арман Қайназаровтың өзіне де ән жазғанын айтып, көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары