$ 442.05  474.14  4.74

«Қыздайсың»: Отау құрғандарына 27 жыл толған Жазира мен Жанболат көпшілікті таңғалдырды

Бұл жай ғана сандар ғой.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың отау құрғанына 27 жыл толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Танысқанымызға 29 жыл, отау құрғанымызға 27 жыл болғанына қарап, бізді кәрі деп ойлап қалмаңыздар. Бұл жәй ғана сандар ғой, – деп жазды Жазира Байырбекова. 

Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін жұлдызды жұпқа қызыға қарайтындар көп. Жазбаның астында желі қолданушылары таңданасын жасыра алмады.

«Шынымен бе? Сіздер расымен адамсыздар ма?», «Майысып тұрсың, әлі қыздайсың», «Керемет, көз тимесін», «Жап-жассыздар», «Жас көрінесіздер», – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары