$ 442.05  474.14  4.74

«Қыздар емес, жігіттер сұранысқа ие»: Бағым Мұхитденова KeshYou тобының қазіргі құрамы туралы айтты

Тіпті, 90-60-90 немесе бойының 170-180 см болуы да көмектеспейді.
Фото: youtube.com
Фото: youtube.com

Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде KeshYou тобының жаңа бейнебаянының тұсаукесері өтті. KeshYou-лік қыздардың «Hula Hoop» деп аталатын жаңа әні таныстырылған жабық кеште топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова бой көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсер сұхбат беріп, KeshYou тобының соңғы құрамы неге елге аса танылып кетпегенін түсіндірген. Жабық кештің шымылдығын KeshYou-лік қыздар жаңа әнмен ашып, жиналғандардың ілтипатына бөленген.

Бағым Мақсатқызының айтуынша, бұл бұрын-соңды еліміздегі шоу-бизнесте болмаған жаңа туынды. «Hula Hoop» KeshYou-ліктердің ән композиторы Bellezo- мен бірге істеген жұмысы.

2006 жылы сәуірде құрылған KeshYou тобының тарихы көпшілікке таныс. Алайда топтың соңғы құрамы аса ел есінде емес. Мұның сырын топтың музыкалық продюсері түсіндіріп берді.

Жаңа топ құрамы қабылданған кезде елде карантин болды. Үш жылға жуық барлық жұмыс тоқтап, тоқырау болды. Үй жағдайында трендке мүлдем басқа бағыттағы өнер шығып кетті. Сол себепті бұрынғыдай топтың тез танымал болып кетуі қиынға соқты. Бірақ ештен кеш жақсы. Жалпы қазір girlsband-тердің трендке айналуы сәл қиындау. Сұранысқа бұрынғыдай қыздар емес, жігіттер ие. Тіпті, 90-60-90 немесе бойының 170-180 см болуы да көмектеспейді. Сондықтан, KeshYou-дің қыздары қаншалықты хитке айналатынын білмеймін. Бірақ бәрібір де тарихта қалады. Себебі топ 2006 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Әлі де заманға сай жұмыс істей бермек, - дейді Бағым Мұхитденова.

Сондай-ақ іс-шараға Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш, Кәмшат Жолдыбаева, Мәди Рымбаев, Ayree сынды шоу бизнес өкілдері қолдау көрсетіп келді.

Мен қыздарға сәттілік тілеймін. Негізі KeshYou тобы өз тарихында тек тың туындылармен көрерменді қуантып жүр. Бұл жолы да ерекшеленеді деп ойлаймын, - деп ой бөлісті Балжан Бидаш. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары