$ 494.87  520.65  4.91

Айдана Меденова оқырмандарына енді ән айтпайтынын жеткізді

Ең қызығы, тіпті әнді тыңдамаймын да.
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

«Kesh You» тобының экс-мүшесі Айдана Меденова енді ән айтпай, өнер жолынан мүлдем алыстағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Ол өзінің Instagram парақшасында оқырманынан келген «Енді ән айтпайсыз ба?» деген сұрағына жауап беруді жөн көрген.

Жоқ, ең қызығы, тіпті әнді тыңдамаймын да. Жалпы, басында маған қиын болады деп ойлағанмын. Сөйтсем, керісінше, Алла маған жеңілдік сыйлады. Өзіммен өзім еш қиналмастан музыкадан жырақтап кете бардым. Алла ұлық, ниетіңе қарай, бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады екен, - деп жазды Айдана Меденова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары