$ 494.87  520.65  4.91

«Алмас қылыш» түсірілімін 2 жылдай кешіктірген А.Мұхамедиұлы Кейкі батыр туралы фильмді уақытында түсіре ала ма?

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай (2015 жылы) көрсетілуі тиіс болған көркем фильмді қазақстандықтар араға 2 жыл салып, биыл ғана тамашалаған болатын. Қаржының жоқтығын сылтауратып, түсірілімді екі жылдай уақытқа созып алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы енді Кейкі батыр туралы картинаға кіріспекші. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, бас сүйегі елге қайтарылған Кейкі батыр туралы тарихи монографияның тұсауы биыл кесіледі екен. Ал, мұнан кейін көркем фильм де түсірілмек.

"Батырды дәріптеу мақсатында былтыр Ақан Нұрмановтың "Құланның ажалы" кітабы 2 мың тиражбен қайта басылып шықты. Ал, биыл "Кейкі батыр" атты тарихи монография жарыққа шықты. Кейкі батырдың тарихы бұдан кейін де насихатталатын болады, атап айтқанда, көркем фильм арқылы", - деді мәдениет министрі.

Естеріңізге салайық, Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы тарихи фильм түсіру керектігін айтқан болатын. Бұл іспен айналысқан Мәдениет министрлігі мен режиссер Рүстем Әбдірашев кинокартинаны халыққа 2015 жылдың соңында көрсетуге уәде берген. Кейін қаражаттың жоқтығын сылтауратқан олар премьераны 2016 жылдың көктеміне, кейін жазына, кейін мүлдем белгісіз уақытқа ысырып тастап, тек 2017 жылдың қаңтарында ғана көпшілік назарына ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары