$ 494.87  520.65  4.91

Мұхамеджан Тазабек: «Күйеуім маймылдан сәл әдемі болса болды деп айтпаңыздар»

Жігіттің ақшасы көп болса, қыздар түріне түсіністікпен қарайды.
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектердің қателігі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұхамеджан Тазабек болашақ жарыңды Құдайдан сұрағанда бар жақсы қасиеттерін тізіп айту керек дейді.
“Қыздар, “күйеуім маймылдан сәл әдемі болса болды” деп айтпаңыздар. Кейде қыздар солай әзілдеп жатады. Маймылдан сәл әдемі жігітті не істейсің? Сенің құрбыларың сымбатты, көркем ер азаматты таңдап, үйленіп жатқан кезде, сен маймылдан сәл әдемі күйеуіңнен қысылуың мүмкін. Немесе сол күйеуіңнен туған қызыңның түрі онша емес болып жатса, өзіңнің сұрап алғаның.

“Жігітім сымбатты, тұлғалы, спортсмен болсын, ауызды толтырып барлық жақсы қасиеттерін айтып, Алладан сұрап алу керек. Алла міндетті түрде береді, Алланың қазынасы кең”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Желі қолданушылары айтыскердің бұл сөзіне қатысты, бейнежазба астында түрлі пікір қалдырды.
“Жігіттің ақшасы көп болса, қыздар түріне түсіністікпен қарайды”, “Алладан дұға тілек сұрағанда да абай болу керек”, “Аға, бұл жерде ердің еркектігі түрінде емес ісінде деген мағына ғой”, “Әдемі жігіттер өзімші болады, сосын қыздарға кетіп қалмасын деп аңдып, қызғанып отырасың”, “Ең биігін, ең қайырын сұраңдар”, “Ер азаматың тым сұлу болмау керек”, “Маймыл сұрасаң, маймылға ұқсасын береді”, – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары