$ 444.22  476.38  4.82

Singer-2017: Сегізінші кезеңде Димаш небәрі бесінші орынды иеленді (ВИДЕО)

2 наурыз Қытайдағы Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауы сегізінші кезеңінің түсірілім жұмыстары аяқталып, жобаға қатысушы әншілердің қандай орын алғандықтары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Димаш бұл кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады.

Sina weibo парақшадағы ақпараттарға сенсек, отандасымыз бүгінгі сында өнер көрсеткенде тамағы ауырған әрі шаршаған әнші өз бабында болмаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың жетінші кезеңінде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап үшінші орынды иеленген. Бұл кезең эфирде 4 наурыз күні көрсетілетін болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары