$ 443.35  475.54  4.82

«Айтшы маған, Тәңірім....»: Арман Қайназаровтың соңғы жазған әні пайда болды (ВИДЕО)

Алладан мейірім тілеп, дұға жасап қойыңыздар.
Фото: uaqyt.info
Фото: uaqyt.info

Әнші Бағлан Әбдірайым таяуда марқұм болған ақын әрі композитордың Арман Қайназаровтың соңғы жазған әнін жариялады, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арман Қайназаровтың соңғы әні екен. Жаның жәннатта болсын. Бізді кешіре көр, қадіріңе жете алмадық. Алладан мейірім тілеп, дұға жасап қойыңыздар. Кісі қолынан қаза тапты, - деп жазды Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында.

Жаман ойлар мазалайды жанымды, 

Жаным талай ойға еріп, жаңылды.

Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым,

Қайғысына көндім бір сәт тозақтың.

Жаман сезім жаулағандай бойымды, 

Жүрегімді жаралады ой мұңды.

Бәрі болды өзімнен, алыс кетіп жүзіңнен, 

Бұл өмірге алаңдаған көзіңнен,

Қиналғанда тек өзіңді іздедім, неге?

Айтшы маған, Тәңірім.

Қандай менің өмірім?

Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім,

Арам ойдан арылдым ба, білмедім.

Бар білерім, әке сөзін сермедім.

Шектім соның зардабын,

Жоғалғандай арманым.

Білмегендей бұл өмірдің жалғанын,

Жан-дүнием сөздеріңе шөлдеген, 

Рухым бірақ тірі, әлі өлмеген.

«Әке» дейді дауыстап,

Алақаныңнан ұстап,

Өлі сезім,

Мәнсіз ойларды тастап, - деген сөздер бар Арман Қайназаровтың соңғы әнінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары