$ 495.2  522.34  4.94

Сот үкімі: Төреғали Төреәлі 40 сағат қара жұмыс істейтін болды

Әнші кінәсін мойындамады.
Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәліге билік өкілдерін қорлады деген айыппен қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында билік өкілдерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 378-бабының 1-бөлігі). Сот қаулысымен А. аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады, – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Прокурор оны 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды сұраған болатын. Әнші кінәсін мойындамады.

14 маусымда полиция Lexus көлігін тоқтатқан болатын. Көлікті қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі басқарғаны белгілі болды. Әнші полиция қызметкерлерінің заңды және бірнеше рет қойылған талаптарынан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, қарсылық көрсеткен еді. Осылайша, оған қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілдерін қорлады деген айып тағылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары