Еліміздің бірқатар шоу-бизнес өкілдері өз гонорарының мөлшерін айтты. Әнші, актриса Салтанат Бақаева әлеуметтік желідегі парақшасында отандық жұлдыздармен шағын сұхбат жүргізді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мөлдір Әуелбекованың қаламақысының мөлшері іс-шараның қай қалада өтетініне байланысты екен. “Басқа қалада 1 жарым миллион, Алматыда 1 миллион”, – дейді Мөлдір Әуелбекова. Жайдарманшы, әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов өз еңбегін 2 мың долларға бағалайды. Ал жастар арасында
“Aya Funk” деген лақап атпен танымал Аян есімді жас әнші 1 миллион теңгеге өнер көрсететінін айтты. “Жылыр көйлек” деп шырқайтын Еркебұлан Құмаров бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Тек екі санын көрсетті. Өнер иесі 2 миллионды меңзеді ме, әлде 2 мың доллар дегісі келді ме, белгісіз.