$ 494.87  520.65  4.91

Заңғар Нұртас сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Ол Instagram-парақшасында «Бақытты сәтімізден» деген жазба қалдырды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Түркістанда сүйіктісіне сөз салып, саусағына сақина тақты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өмірімдегі маңызды сәтті ақылдасу үшін 2 күн бұрын киелі Түркістанға бардым. Түбім Түркістаннан болған соң Индираға осы жерде сөз салуды қаладым. Кешкі сағат 9-да бәрі болады. Экран ашылып, оннан нөлге дейін кері есеп кетеді. Одан кейін отшашу атылып, мен гүл беремін, – дейді ол.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында «Бақытты сәтімізден» деген жазба қалдырды.

Еркетай, еркем менің жалғызым,
Табиғатың ерекше, дарамысың?
Өмірдің ақ, қарасын бірге төзіп, 
Мәңгілік сүйікті жарым болармысың, – деген Заңғар Нұртас желіге қуанышты сәттерін бейнелейтін видео жариялады.

Желі қолданушылары екі жасты құттықтап, жылы пікірлерін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары