$ 510.08  539.61  5.15

Медеу Арынбаев ота жасатқанын айтты

Дертіңді айтқың да келмейді екен.
Фото: medeu_arynbaev
Фото: medeu_arynbaev

Әнші Медеу Арынбаев 4 жыл бұрын өзіне ота жасалғанын айтты. Композитор денсаулығы сыр беріп, қиналған сәтін «Ұйқым келмейді» бағдарламасында еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, қазір денсаулығы жақсы. 

Оның бәрі артта қалды. Осыдан төрт жыл бұрын денсаулығыма байланысты ота жасалды. Одан кейін бір жылдан аса уақыт өз-өзіме келдім. Дертіңді айтқың да келмейді екен. Сахнада ес жоғалтып қалу деген жағдай болды. Ән айтып тұрып, қан көтеріліп кеткен секілді болды. Оның не екенін де түсінбейсің. Талып қалғаннан Құдай сақтасын. Басқа бір ойға кетесің де, айтып тұрған әнің тоқтап қалады, музыкаң өтіп жатыр. Бұл Алматыда өткен үлкен сахнада болды. Содан кейін мен көңіліме алып қалған шығармын. Сөздің ашығы, сахнадан шеттеп қалған кезім болды. Ота жасалды, барлығы артта қалды. Қазір денсаулығым қалыпты, - деді Медеу Арынбаев. 

Еске салсақ, бұған дейін әнші, тіпті, сахнада ән шырқап тұрғанда есін жоғалтқанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары