$ 494.87  520.65  4.91

Жарқынай Ханайым күйеуімен неліктен ажырасқанын айтты

Кез келген әйел ер азаматының қолын бөтен біреу ұстаса, жақын амандасқанын көрсе, жүрегі зыр ете қалады.
Фото: jarkynaixanaiym
Фото: jarkynaixanaiym

Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен неліктен ажырасқанын айтып берді. Шоу-бизнес өкілінің айтуынша, ажырасуына қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарқынай ханым айырылысуына атышулы «Рауза» телехикаясындағы «сүйісу сахнасы» әсер еткенін растады. Актриса отбасымен бақытты болуға барынша тырысқанымен, күйеуімен арада үйлесім болмаған. 

Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуге тимейді. Оның үстіне, мен 27 жасымда тұрмысқа шықтым. Қазақи тәрбие көрген қыз болғандықтан ер азаматыңды сүйгенде, одан қызың бар кезде ажырасу өте ауыр өтеді. Менде өте қиын өтті. Бірақ мен оны ешкімге білдірмеуге тырыстым. Күндіз желіде күлімдеп видео жариялағаныммен, кешке көңіл-күй мүлдем болмайтын.

Мен отбасыммен бақытты болуға ұмтылдым. Айдар екеуміздің арамызда мен армандаған үйлесім болмады. Оған уақыт керек болды, - деді актриса.

Ол Айнұр Ілиясоваға сұхбат беру барысында ажырасуына Рауза» сериалындағы Айдар Асқарбектің өзге актрисамен "сүйіскен сахнасы" себеп болғанын жеткізді. 

Айдар актер ретінде қарқынды дамып, түсірілімдерге бара бастады. Күйеуін жақсы көретін әйел ретінде оны басқа актрисалармен көру маған қиын болды. Қызғандым. Өзім баламен үйде күйзеліп жүрдім. Айдар басқа ортада жүр. Сонымен түбегейлі ажырасуға телехикаядағы қызғаныш себеп болды. Оны әркім әрқалай түсінеді. Айдар маған әлі ажыраспаған әйелі ретінде, тым болмаса Айлананың анасы ретінде бірауыз ескерту керек еді деп ойлаймын. Біз қанша жерден бір-бірімізге ашуланып, жанжалдассақ та қоғам үшін біз – ерлі-зайыптымыз. Ортада бала бар. Бұл тіпті, қызғаныш емес, өкпе-реніш деп айтсақ дұрыс болады. “Жарқынай, осындай сүйісетін сахна болайын деп жатыр. Мен түскелі жатырмын. Ренжіме” деп айтса, мен бұған басқаша қарайтын едім. Сол сахнаны көрермен сияқты ел қатарлы көрдім. Шок болдым. Себебі кез келген әйел ер азаматының қолын бөтен біреу ұстаса, жақын амандасқанын көрсе, жүрегі зыр ете қалады. Мен күйеуіме біреудің көз салып қарағанын көтере алмайды екенмін. Ол – менің адамым, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары