$ 494.87  520.65  4.91

«Бізден сұраған да жоқ». Айнұр Жүгінісова намаз оқығалы өнерден кеткен тұңғыш ұлы туралы айтты

Сонда оның ешқандай ұстазы да болған жоқ. Оған ешкім намаз оқы деп те айтқан жоқ.

Қоғам қайраткері, продюсер Айнұр Жүгінісова құрсағына біткен кезде үлкен ұлы Рүстем Жүгінісов алғаш дінді мойындатқанын және кейін намазға "әкелгенін" айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бәріміз атеист боп өскен балалармыз ғой. Шыны керек, "атеиспіз" деп анкета толтырдық, бірақ Алла мойындатайын десе, бір-ақ күнде көзіңді ашады. Мен өзім Алланы қашан мойындадым? Ең тұңғышым ішімде жыбырлағанда, бітті, сол күннен бастап Алланы мойындадым. Мен ол кезде жасы 22-дегі қызбын. "Екі тамшыдан қалай жыбырлайды адам болып, ол шығады да, оның аузынан қалайша сөз шығады?". Осының бәрі маған қызық болады. Сол тұңғышым дінді мойындатты, намазға да әкелген сол бала болды, - деді ол PR-маман Назым Жанғазыға берген сұхбатында.

Айнұр Жүгінісованың сөзінше, тұңғышы Рүстем Жүгінісов 6 жасынан бастап намаз оқығысы келген, бірақ оған тыйым салған.

Отбасымызда ешкім намаз оқыған жоқ, енді менің атам оқыды, бірақ күйеуім екеуіміз оқыған жоқпыз. Бірақ 6 жасынан бастап (Рүстем Жүгінісов - ред.) "Мен намаз оқимын" деді. "Балам, болмайды, сен ертең балиғат жасына кел, содан кейін оқисың" деп тоқтаттық. Сосын 13 жасқа келді. "Оқимын" дейді. "Балам, болмайды, сен күнде гастрольде жүрсің" деп, тағы да тоқтаттық. 18-ге келді. Ал 18-ге келген кезде бізден сұраған да жоқ. Сонда оның ешқандай ұстазы да болған жоқ. Оған ешкім намаз оқы деп те айтқан жоқ, - деді Айнұр Жүгінісова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары