«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек қыз ұзату ұзату үшін қанша ақша алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірнеше жыл бұрын жеке шығармашылығын дамыта бастаған әншіні халық қыз ұзату тойларына жиі шақырады. одан бөлек, сүндет тойларға да ән айтуға шақырту алады.
Бұл жолы ол «Қызықты weekend» бағдарламасында қыз ұзату мен сүндет тойға қанша ақша сұрайтынын бүкпесіз айтып берді.
Қыз ұзату тойына 1,5 млн теңге аламын. Себебі, біз той басталғаннан соңына дейін боламыз. Ал сүндет тойға 1,3 млн теңгеге шығамын. Ал «Жігіттер» тобының гонорары - 2 млн теңге. Бұл соманы топ мүшелері және продюсер 20 пайыздан бөлісеміз, - деді Айдар Тұрғамбек.