$ 487.37  532.94  5.09

«Не болып жатқанын түсінбеймін»: Әсел Сәдуақасова көз жасына ерік берді

Актриса үйлену тойға дейін аяғы ауыр екенін білгенін айтты.
Фото: instagram.com/asselsadvakassova
Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Белгілі актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында үйлену тойынан кейінгі күйзелісі, басынан өткен ауыр жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса үйлену тойға дейін аяғы ауыр екенін білгенін айтты.

"Өте үлкен күйзелісті бастан кештік. Сәуір айының соңында Қазақстанға келуіміз керек болған. Біз үйленеміз деп ойламадық. Бірге тұрамыз деп шештік. Алайда мен аяғым ауыр екенін білемін. Біз үшін күтпеген жағдай болды. Бір жағынан қуанышымыз қойнымызға сыймады, бірақ тосырқап та қалдық. Қазақстанға келгенде, ата-аналарымызға айттық. Олар "Үйленіңдер" деді. Біз де келістік. Уақыты келгенде айтамын деп жүргенмін. Біреу "Аяғы ауыр боп қалып, күйеуге шықты" десе де, ондай сөздерді елемес едім. Тіпті үйленбей жәй ғана бірге тұрсақ сөз еретін еді. Оған да мән бермейтін едім. Біз дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Алайда біз үйленуге шешім қабылдадық. Мен өмір бойы армандаған үйлену тойы болды. Тойдан кейін біздің қарым-қатынасымызға дағдарыс болды. Мен оған бөлек тұруды ұсындым. Себебі, бұл балаға кері әсер ететін еді. Аяғым ауыр. Маған бұлай жүйкемді жұқартуға болмайды дедім. Сол уақытта мен бәрін жүрегіме жақын қабылдадым. Болмайтын нәрсеге жылайтын едім. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, бірге уақыт өткізе бастадық", - деді өнер иесі.

Алайда Әсел Сәдуақасова жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болғанын айтып, көз жасына ерік берді, деп жазады Stan.kz.

“Екі аптадан кейін екінші скрининг болуы керек еді. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасы болатын. Осы скринингте баланың дамуында өзгеріс болып жатқанын айтты. Сол апта мең-зең боп жүрдім. Дәрігерлер кеңесі құрылып, медициналық көрсетілім бойынша, жүктілікті шешім қабылдайды. Мен ауруханаға жаттым. Не болып жатқанын түсінбеймін. Бұл жағдай бізді жақындастырды. Сол сәтте өзімді кінәлай бастадым. Бірнәрсені дұрыс істемедім бе? Менде бірнәрсе дұрыс болмады ма? Бірақ жүктілік кезінде токсикоз да болмады. Өзімді керемет сезіндім”, – дейді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары