$ 495.2  522.34  4.94

Салтанат Бақаева қыз ұзату үшін қанша ақша сұрайды

Өзгемен салыстырудың қажеті жоқ.
Фото: saltanatbakaeva_fanpage
Фото: saltanatbakaeva_fanpage

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қыз ұзату тойында ән айту үшін қанша гонорар сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді. 

Оның айтуынша, қыз ұзату тойына шығатын басқа әншілермен оны салыстырудың қажеті жоқ. Өйткені әр адамның өз несібесі бар. 

Ризығым сол жақтан келіп жатқаны рас. Ол да бір кездейсоқ шыққан дүние. Әдейі қыз ұзату үшін ән жаздырмадым. Өзімнің құрбым тұрмысқа шыққанда, күйеуім Нұржан бара алмай қалды. Жалғыз барғасын, халық ән сұрайды ғой енді. Сосын "Келесі апта той. Тезірек жазып берші" деп дос композиторға бардым. Бір апта ішінде "Әгугай, құрбым" әнін жазып берді. Тегін келген дүние. Шу да болды ғой. Қазір бәрі жақсы. Ән заңды түрде менікі, менің атымда. Тыңдарманның көңілінен шықты. Әр адамның өз ризығы болады ғой. Өзгемен салыстырудың қажеті жоқ. Сұраныс жақсы. Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға шыққанда сұрайтын гонорарым – 1 млн теңге, - деді Салтанат Бақаева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары