$ 487.37  532.94  5.09

АҚШ-та жүрген Меруерт Түсіпбаева жұртқа жақпай қалды (ФОТО)

Тіпті көпшілік Түсіпбаевадан мұндай жазба күтпегенін жарыса жазды.
Фото: meruert_tusupbaeva
Фото: meruert_tusupbaeva

Атышулы әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасына қазақша-орысша пост жазғаны оқырмандарына жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші алдымен, қазақша жазып, ойын әрі қарай орыс тілінде жалғастырған. Өнер иесінің бұл әрекеті жұртқа жақпай қалды.

Желідегі оқырмандары әншіні дереу сынай жөнелді. Тіпті көпшілік Түсіпбаевадан мұндай жазба күтпегенін жарыса жазды. 

Қазір Меруерт Түсіпбаев ұлымен бірге АҚШ-ты аралап жүр. Ол кезекті жазбасын   орыс тілін араластырып жазып, елден сөз естіді.

 Осы не әдет орысша шұбарлатып сөйлеу, орысша қоспасаң болмай ма? Өзіміздің әдеби қазақ тілімізде жазсаңызшы», «Әйтеуір орысшаны қыстырып сөйлеу керек», «Дұрыс айтасыз, - десті желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары