$ 442.05  474.14  4.74

«Дана қазақтың әйелі байынан таяқ жемеген»: Айнұр Жүгінісова жұртқа жақпай қалды

Бұл кісі де сауысқанша сұңқылдайды екен ғой.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қоғам қайраткері, продюсер Айнұр Жүгінісова «әйелдер қазір еркекті бағындырып алғысы келеді» деген сөзі үшін елге жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл пікірін отандық бағдарламалардың бірінде айтты.

Ақылды адам қарт кезін жас кезім деп ойлайды екен. Қазір бізде бүгінмен өмір сүр деген қағида пайда болды. Кейін сосын қартайған кезде адам ешкімге керек болмай жатыр қазір. Қазақта қарттар үйі болды ма? Болған жоқ. Аллаға шүкір, 30 жыл әйел болыппын. Күйеуімнен бір шапалақ жеп көрген жоқпын. Ол не? Өмір деген бағдаршам, тоқтайтын жерде тоқтау керек. Бізде қазір әйелдер бұрылудың не екенін білмейді. Бір кезде тоқтау керек екенін білмейді. Бірақ дана қазақтың әйелі байынан таяқ жемеген. Қазір мен сенің басыңа мінуім керек деген мақсат бар. Қазір қоғамда өз жұртында тәрбиеленіп жатқан немере жоқ, аз. Өйткені нағашы керемет. Сенің жағыңды қой дейді келіншектер. Нағыз балаға керек кодты алды да тастады, - деді А.Жүгінісова. 

Тағы оқи отырыңыз: «Бізден сұраған да жоқ». Айнұр Жүгінісова намаз оқығалы өнерден кеткен тұңғыш ұлы туралы айтты

Қоғам алдында жүрген әйелдің бұл сөзін көпшілік іліп әкетіп, өзі сынауға көшті. 

Баласы жүр қауға сақал,шолақ шалбармен, өзі пәлсапа соғып отыр», «Бұл кісі де сауысқанша сұңқылдайды екен ғой, одан да жігерсіз, жалқау қазақтың еркектері туралы неге айтпайсыз?», «Балаңызды сақал қойғаны дұрыс емес, баяғы кезде сақалды 60-тан асқанда қоятын, - десті желі қолданушылары. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары