01.11.2023, 10:40

Мейрамбек Беспаевтың әйелі аула сыпырып жүр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Мархабаттың өзі оқырмандарына әзіл ретінде түсірілген видео екенін жазды. 

 

 

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева аула сыпырып, құстың ұясын тазалап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Соңғы кезде әншінің әйелі жеке парақшасын белсенді жүргізетіне байқалады. Ол оқырмандарымен тығыз байланыс орнатқан. Ол үйді сәндеу, дизайнерін ойластыру бойынша көпшілікке кеңес береді. 

Үйдің тұңғышы болғасын бүкіл тірлік мойныңда болатыны рас. Әр қазақ отбасында кенже бала ерке болады. Менің өзімнен кейінгі сіңлім үйде тірлік істемеген. Екеуміздің арамыз –10 жас. Анам үнемі мені жұмсайтын. Даланың жұмыстарын жақсы істеймін, – деді әншінің әйелі.

Видеоға  үңілсек, әншінің келіншегі аула сырыпы, құстың ұясын тазалап жүр. Ал сіңлісі Салтанат әткеншектер тербеліп отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір жазып жатыр. Бірі «сіңліңізді жұмсап үйретіңіз» десе, екінші тарап «тұңғыш бала бүкіл тірлікті істеуі керек, үлкендер кішілерге үлгі болады» деп балалық шағын еске алды.

Мархабаттың өзі оқырмандарына әзіл ретінле түсірілген видео екенін жазды.