Отбасын сақтай алмайтын еркектердің қатарынан емеспін. Осыны түсініңіздер!
Танымал актер, әзілкеш, продюсер Жахан Отарғалиев өзінің Instagram парақшасында әнші Балжан Бидашпен қарым-қатынасы туралы ашып айтып, оқырмандарынан ол тақырыпты қозғамауды сұрамады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Актер ұзақ уақыттан бері әлеуметтік желіде көрінбей кеткен еді.
Достар, мен қайтып келдім. Түркияның Стамбұл қаласында ем алдым. Бір айда екі рет ота жасалды. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Денсаулықты күтіп, позитивте өмір сүрейік. Әлеуметтік желіні де ұмытып қалыппын, – дейді ол.
Ол көптің талқысында жүрген жеке өмірі жайында ашып айтып, Балжан Бидашпен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға толық жауап берді.
Осы күнге дейін отбасым туралы әңгіме қозғамадым. Бірақ жанашыр достарым, оқырмандарым: “Отбасыңды сақта, Балжанды қайтар” деп жатыр. Соларға арнап айтқым келеді: Мен отбасымды сақтап қала алмайтындай ақымақ емеспін. Балжанды үш ай бойы көндіре алмадым. Ажырасу – менің жек көретін тақырыбым. Осы күнге дейін не нәрсе істесем де, отбасым үшін жасадым. Оған да уақыт бердім. Өзгеріп, қателіктерімізден сабақ алайық дедім. Үш ай бойы қолымнан келгенін жасадым. Бірақ нәтиже болмады. Сол екі аралықта ауырып қалып, шұғыл Түркияға ота жасатуға кетіп қалдым. Ол жақта да жүрегім тыныш болмады. Сіздерге айтарым, отбасын сақтай алмайтын еркектердің қатарынан емеспін. Осыны түсініңіздер! Бір-біріміз туралы жаман ойдан аулақ болайық!, – деп сөзін түйіндеді актер.