$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды

25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Ақжол Мейірбековты еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы

Өз жазбасында әнші өмірден өткен әріптесінің үйіндегі соңғы басқосуды жариялаған. 

Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын, - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары