$ 443.44  480.51  4.88

«Бағасы 800 мыңнан басталады»: Қыран Талапбек әйеліне жасаған сыйлықтарымен мақтанды

Олар осы күнге дейін бір-біріне сыйлаған сыйлықтарының бағасын айтып, қымбат киімдерімен мақтанды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Елімізге белгілі мобилограф Қыран Талапбек пен блогер, актриса Гүлзада Тұрлаш тағы да сынға қалды. Олар осы күнге дейін бір-біріне сыйлаған сыйлықтарының бағасын айтып, қымбат киімдерімен мақтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Bekbote_et есімді блогер жұлдызды жұптың үйіне барып, гардеробын көрсетті. 

Қыран Талапбекке қарапайым картоп қуырып беріп жүрген әйелі қандай сыйлық алып жүр екен” деп ойласам, ас үйде көмекшісі бар екен. Барлық тамақты сол кісі жасайды екен, – дейді әуесқой блогер. 

Өмірінде мұндай үлкен гардероб көрмегенін жасырмады. 

Сөйлей алмай қалдым ғой. Қыран, ең қымбат сөмкенің бағасы қанша? Менің алғаг ең қымбат сөмкем – 800 мың теңге болған. Сіздерде қалай, – деп сұрады.

Блогердің сұрағына Қыран ашық әрі толық жауап берді.

Біздікі 800 мыңнан басталатын шығар. Ең кішкентай сөмке төрт миллион теңге дегенде ішімнің ашып кеткені рас. Маған ұнайтын Гүлзаданың сөмкесі – Prada брендінікі. Өзім таңдап алып бергенмін, – дейді Қыран. 

Сондай-ақ блогерлер жарнама құнын да жасырмады. 

Жақында маған кореялық компаниядан ұсыныс түсті. Жарнама жасау 1300 АҚШ долларынан басталды, – дейді блогер-актриса.

Қыран да өз жұмысының бағасын ашып айтты.

Бір рилс құны 2-2,5 миллион теңге. Мықты компаниялармен 10 миллионға дейін келісімшартқа отырамыз, – дейді моблиграф.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары