$ 443.37  474.49  4.83

Әнші Динара Сұлтан 14 жыл бойы неліктен күйеуімен заңды некелеспегенін айтты (ФОТО)

Жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. 114 мемлекеттен Қазақстан 16 орында.

Фото: Instagram/dinara_sultan1
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Әнші Динара Сұлтан 6 бала туса да осы кезге дейін күйеуімен заңды некелеспеген. Олар жуырда ғана некесін заңдастырды. Енді ол жолдасымен 14 жылдан бері неліктен заңды некеге тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан эстрада жұлдызының айтуынша, жолдасы екеуі қосылғанына 10 жыл болғанда балаларымен бірге үйлену тойын жасаған. Алайда ерлі-зайыпты ресми түрде некеге отыруға асықпаған.

Күздің соңғы күнінде уәдемде тұрайын. Жолдасымыз екеуміз танысқанымда маған бес бала туып берсең үйленем дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен, мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық. Бәрі Алланың қалауымен деп ойлаймын, шүкір. Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін - басынан түсінгем, еш күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін – әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады. 114 мемлекеттен Қазақстан 16 орында өкінішке қарай. Менің айтарым асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы – баланс, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары