$ 442.05  474.14  4.74

«Онда біреуден туып ал». Жұлдыз Әбдукәрімова мен Тәуекел Мүсілім бірге көзге түсті

Солардың мәселесін көтерігіміз келді.

Фото: instagram.com/dastan_kaldybayev
Фото: instagram.com/dastan_kaldybayev

Белгілі кинопродюсер Дастан Қалдыбаев жақында "Онда біреуден туып ал" атты фильм жарыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фильмнің, фильмдегі оқиғаны сол бір сөзбен дәл жеткізуге болады. Киноны барып, көрмей  тұрып, көп адамдардың құлағына түрпідей тиері анық. Кезінде "Күшік құда" фильмінің атауын сынаған еді. "Мынауың не, қазақта құданы құдайындай сыйлаған" деп айтып жатты, - дейді Дастан Қалдыбаев.

Дастан Қалдыбаевтың Instagram парақшасында жариялаған видеосынынан киноға кімдердің түсіп жатқанын көруге болады. Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова мен актер Тәуекел Мүсілім басты рөлдерді сомдайды.

Бұл фильмде қоғамда бар мәселе көтеріледі. Өкінішке қарай, тұрмысқа шықпай отырып қалған жалғызбасты қыздарымыз да бар, отбасын құрмай жүрген жігіттеріміз де бар. Солардың мәселесін көтерігіміз келді. Болашақта жақсы ой салатын дүние шығатынына сенімдімін, - дейді Дастан Қалдыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары