Желі қолданушылары әншінің әрекетін тәнті болып, Жүрсін Ерманға тез сауығып кетуін тіледі.
Белгілі әнші Ернар Айдар сырқаттанып қалған айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерманның қал-жайын сұрап барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ернар Айдар ақынмен жолыққан сәтін әлеуметтік желіде жариялап, көпшілік назарына ұсынған. Бейнежазбада әртістің гүл шоқтарымен Жүрсін Ерманның үйіне кіріп бара жатқанын көруге болады. Ернар Айдар көптен бері көріспеген Жүрсін Ерманмен тілдесіп, оған домбырамен ән орындап берген.
Бүгін Жүрсін Ерман атамның шаңырағына барып, жағдайын сұрап, біраз әңгімелесіп, қолқалаған соң домбырамен ән орындап, ақ батасын алып қайттым. Жүрсін ата, Алладан дертіңізге шипа тілеймін, 100 жасаңыз. Жүрсін атам баршаңызға сәлем жолдады - деп жазды Ернар Айдар.
Желі қолданушылары әншінің әрекетін тәнті болып, Жүрсін Ерманға тез сауығып кетуін тіледі.