$ 441.44  473.09  4.75

Медеу Арынбаев «Дариға жүрек» әні Дариға Назарбаева арналғанын айтты

Мұны қашанғы құпия сақтайсың?!

Коллаж: Skifnews.kz
Коллаж: Skifnews.kz

Танымал әнші Медеу Арынбаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында «Дариға жүрек»әні Нұрсұлтан Назарбаевтың қызына арналғанын жасырмай айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші басында ол әннің кімге арналғанын білмеген, сұрамаған да. Алайда кейін, әннің саяси астары барын түсінген.

«Осыдан жиырма жыл бұрын «Хабар» арнасынан Серік Абас-шах телефон соғып, «Медеу, бір ән бар, осыны тыңда, зер сал, орындау керек» деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты. Орындаушы жай ғана қарапайым дауысқа салып орындапты. Сол кезде біреу «бұл ән хит болады» десе, күліп қарар ма едік?! Әнді жүрегімізге салдық.

Ол кезде ештеңе білген жоқпын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары көп қой. Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, солай екен... Саясат деген сонда жатыр екен. «Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп» ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжымның Дариға Нұрсұлтанқызына арнауы болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанғы құпия сақтайсың?!, – деп жасырмай айтты әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары